KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тұман, жел, жауын-шашын – 3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

3.04.2020, 03:19 117

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Синоптик мамандардың болжамы бойынша, атмосфералық қарсы айырықтардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз, құбылмалы болады. Көп аймақтарда жаңбыр жауса, солтүстікте қар түсуі де мүмкін.

Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста - найзағай.

СҚО, Ақмола, ШҚО-да кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында жел тұрады, 15-20 м/с дейін.

Қостанай, Қарағанды облыстарында – тұман.

Маңғыстау, Атырау облыстарында – тұман мен жел.

Қызылорда облысында жел күшейін, шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу