KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
509.94 593.88 6.43

Онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтеді

31.03.2020, 19:05 1 617

Мектептердің қашықтықтан оқытуға көшулеріне байланысты 2 сәуір күні онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмадилова брифинг барысында мәлімдеді.

Ата-аналар жиналысы республика аумағында өткізілмек. Сынып жетекшілері онлайн жиналыста ата-аналарға қашықтықтан оқыту процессінің қалай ұйымдастырылатынын, және ата-аналар тарапынан қандай көмек қажет болатынын түсіндіреді.

Айта кетсек, 6 сәуірден бастап қазақстандық оқушылар қашықтықтан оқуға көшеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу