KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Бүгін семейліктердің үйден шығуына болмайды

30.03.2020, 08:40 142

Семей тұрғындары көшеге шықпауы тиіс. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, қаланың бірнеше көшесінде эпидемияға қарсы ауқымды санитарлық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Семейде COVID-19 инфекциясы екі адамнан анықталды. Кейінірек олар Мысырдан ұшып келгені мәлім болды.
– Ел аумағында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты 30 наурыз күні Би Боранбай, Народная, Глинка, Физкультурный,
Докучаев көшелерінде эпидемияға қарсы ауқымды санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Тұрғындардың тыныштық сақтап, үйден шықпауын сұраймыз, – делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу