KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Семейде тағы бір адамнан коронавирус анықталды

13.05.2020, 04:26 215

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

COVID-19 инфекциясы Семей қаласының 1973 жылы туған тұрғынынан анықталып отыр. Қазіргі уақытта науқас оқшауланған, ем алып жатыр.

Сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланады. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

– Қазіргі кездегі жағдай бойынша облыс аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 52 науқас тіркелді, – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу