KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, З
520.27 537.65 5.24

Коронавирус: Өскеменде 3 үй қоршауға алынды

28.05.2020, 04:07 171

Өскеменде 3 үйдің подъезі қоршауға алынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда Көкжал Барақ көшесі, 20 үй, Қазыбек би көшесі, 17 үй, Серікбаев көшесі, 23 үй санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін қоршалды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз  қызметінің хабарлауынша, бұл үйдің подъездеріне кіріп-шығуға тыйым салынады, сондай-ақ, тәртіп сақшыларымен күні-түні күзетіледі.

Одан бөлек үй тұрғындарына ПИК смс хабарлама да жіберген. 

«Қазыбек би көшесі 17 үйдің тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Барынша сақтық шараларын ұстауды сұраймыз. Өз этаждарыңызды дәрілеп, жуыңыздар. Қосымша дәрілерді 46-үйден алуға болады. «УК ГЖЭУ» ЖШС» - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу