Коронавирус: Қазақстанда 18 науқас дерттен айықты
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Соңғы жаңалықтарға сәйкес, Алматыда барлығы бес адам жаман дерттен айықты. Олардың біреуі 12 жастағы бала екенін айта кетейік. Стационардан шыққан азаматтар үйде 14 күндік карантинде, яғни медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 13 емделіп шыққаны белгілі. Осылайша Қазақстанда індетті жеңіп шыққандардың саны 18-ге жетті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 229 адам тіркелді.
Оқи отырыңыз