Бір тәулікте 67 қазақстандық COVID-19 жұқтырған
Мәліметтерге сәйкес, инфекция жұқтырғанлар екі қала мен екі облыста анықталған.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 67 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
-
Нұр-Сұлтанда – 13,
-
Алматыда – 52,
-
Ақмола облысында – 1,
-
Қарағанды облысында – 1.
Елде барлығы 1 306 300 жағдай расталды.
Қазақстанда 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Оның бәрі Алматыда тіркелді. Елімізде барлығы 1 292 263 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
27 маусымдағы мәлімет бойынша, 436 адам коронавирус инфекциясынан (–374+ және 62 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 64 пациент стационарда, 372 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр .КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр.