KZ
Өскемен
-8°
дымка жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

ШҚО-дағы Халифа Алтай мешіті гуманитарлық көмек жинады

26.03.2020, 12:23 533

ШҚО-дағы Халифа Алтай мешітінің діни қауымы гуманитарлық жүк жинады. Бұл карантин кезінде халыққа көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған еліміздегі алғашқы шара, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Алғашқы қажеттілікке жататын азық-түліктен 600 жәшік жиналыпты – жарма, қант, тұз, ұн, май және т.б. Азық-түліктер жиынтығы 14 күнге жетеді, - дейді облыстың бас имамы Ермек Мұқатай.

Барлық жәшіктер герметикалық қапталған. Олар тікелей зейнеткерлердің пәтеріне жеткізіледі. Бүгін гуманитарлық керуен Нұр-Сұлтанға жіберілмек. Мұндай шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын табады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу