KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Кедендік тексерулерге шектеулер енгізілді

20.03.2020, 06:24 295

Қазақстанда кедендік тексерулерге жекелеген шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдейді.

Аталмыш шаралар қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшуге байланысты COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында жүргізіліп отыр.

Кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды:

1) кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою) тоқтатылды;

2) тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер, бірақ 2020 жылғы 16 наурыз күні күйінде басталмаған тексерістер тоқтатылды;

3) көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген ("Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10 тармақшасына сай) жағдайлардан басқа тоқтатылды;

4) мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65 баптарына сай және ҚР ҚМ 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 "Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес консультация жүргізу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау тоқтатылды;

5) шет ел тауарларын қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баждар қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу