KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Италияда 24 сағат ішінде тағы 349 адам көз жұмды

17.03.2020, 05:12 1 152

Италияда бір тәулікте коронавирустан 349 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

РИА Новости-дің деректеріне сәйкес, бұл туралы Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли мәлімдеген.

«Өкінішке орай 349 адам көз жұмды», - деген екен ол брифингте. 

Осылайша Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2158 адамға жетті. Сондай-ақ Анджело Борреллидің айтуынша, Италияда бір тәулікте вирусты 3 мыңнан аса адам жұқтырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Италияда кеше 368 адам көз жұмды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу