Италияда бір тәулікте коронавирустан 368 адам қайтыс болды
Италияда коронавирустан адам өлімі бойынша рекорд тіркелді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Кейінгі бір тәулікте Италияда коронавирустан 368 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 1809 адамға жетті.
Бұдан бір тәулік бұрын 175 адам қайтыс болғаны жазылған.
Ал осы тәулік ішінде 2853 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Ресми дерекке сүйенсек, Италияда дәл қазір 20,6 мың адам дәл осы коронавируспен емханада жатыр.
Оқи отырыңыз