KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
520.27 537.65 5.24

Сауда орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

16.03.2020, 04:17 147

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ірі сауда орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдауға кеңес беріп отыр.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында ірі сауда нысандарының таңғы  сағат 10.00-нан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істегені жөн екені айтылған. Аталған уақыт аралығында барлық санитарлық қауіпсіздік талаптары сақталуы шарт. Сауда орталықтарының аумағында орналасқан кинотеатр, балаларға арналған ойын алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен базарлар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Бұл орындарда да дезинфекциялық шаралары күшейтілуге тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу