KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
516.93 542.52 4.98

Даниал Ахметов Семейдегі көпбалалы аналармен кездесті

6.03.2020, 10:10 265

Облыс әкімі Даниал Ахметов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеудің қарсаңында Семей қаласындағы көпбалалы аналармен қауымымен кездесу өткізді. Жүздесу бейресми жағдайда жалғасып, әрбір ана қаланың қоғамдық өміріне қосып жатқан үлестерін әңгімелеп берді.

Солардың бірі – көпбалалы ана Анар Сүлейменованың алты баласы бар, «Алтын алқамен» марапатталған. Сонымен қатар ол «Ана мен бала» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Кездесу барысында Анар барлық көпбалалы аналардың атынан аймақ басшысына алғыс айтты.

– Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмек, кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер, мемлекеттік гранттар және жұмысқа орналастыру секілді әлеуметтік қолдаулар үшін Сізге үлкен алғысымды жеткізгім келеді, – деді ол.

Өңір басшысы кездесуге жиналған барлық аяулы аналарды халықаралық мерекелерімен құттықтап, өміріміздің гүлі мен нұрына айналған нәзік жандыларға денсаулық, махаббат және жан байлығын тіледі.

– Сіздер біздің ұлттық құндылығымызсыздар. Сіздер арқылы барлық әйелдерімізді және көпбалалы аналарымызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мемлекет әрқашан Сіздерді қолдайтын, көмектесетін болады. Әлеуметтік қолдаулар биыл да жалғасын табады. Бұл дегеніміз балабақшаларда тегін орын беру, балаларды тегін мектеп формасымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Сонымен бірге баспанамен қамтамасыз ету бойынша да бағдарлама жүзеге асатын болады, – деді облыс әкімі.
Көпбалалы аналар өңір басшысына осындай жылы да әсерлі кездесу ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Олар өз тараптарынан облыста көпбалалы аналар үшін «Бақытты отбасы» орталығы ашылға деген ұсыныстарын жеткізді. Ол орталықта аналар заң бойынша кеңестер, психологиялық қолдаулар алатын болады.

Жүздесу барысында өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында грант алып, тігін цехын ашқан көпбалалы ана Жаңыл Жолдашева өңір басшысына өз қолымен тіккен шапанды естелікке сыйға тартты.

Кездесудің қорытындысында аналарға естелік сыйлықтар мен көктемгі мерекенің басты символы әдемі гүл шоқтары тарту етілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу