Маска инфекцияның таралуын тежейді - ғалымдар
Халықаралық ғалымдар тобы өткізген эксприментте медициналық масканың коронавиурс инфекциясы таралуын тежейтіні дәлелденді.
Бұл туралы Natural Medicine журналы жазды.
Ғалымдар Gesundheit II арнайы аппараттың көмегімен дамның тыныс алуы кезіндегі ауа сынамасына талау жасаған. Нәтижесінде маска түрлі вирустарға тосқауыл бола алатыны анықталған.
Гонконг университетінің мамандары жүргізген экспериментке 246 ерікті қатысқан. Масканың арқасында 111 науқас тыныс алған ауада вирус айтарлықтай төмендеген.
6 сәуірден бастап Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус індетінің таралуына байланысты ел тұрғындарына маска киюді міндеттеді.
BAQ.KZ