Өскеменде субұрқақта шомылған жігітті іздеп жатыр (видео)
Әлеуметтік желіде Өскеменде жаңа ашылған «ADK River» сауда үйіндегі субұрқақта шомылған жігіттің видеосы тарап кетті. Полиция бейнежазбаның кейіпкеріне іздеу салды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Видеода жас жігіт субұрқақтың ішінде біраз жүзіп, сауда үйінен шығып кетеді. Бұл жігіттің есімі Роман екен. Айтуынша, ол видеоны Instagram-дағы оқырмандары үшін түсірген. Сондай-ақ, жігіт өзін қоғамдық тәртіп бұзушы деп санамайтынын жеткізді.
Алайда полиция қазір оны іздестіріп жатыр.
- Қала тұрғыны әкімшілік заңбұзушылыққа жол берді. Қазір құқыққорғау органдары ол жігітті іздестіріп жатыр, - деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.