Сот Өскемендегі жолүсті көпірінің төбесіне шыққан жігітті жазасыз қалдырды - (ВИДЕО)
Өскеменде Спорт сарайы маңындағы жаяулар көпірінің үстіне шығып, қарсы бетке жүріп өткенін видеоға түсірген жас жігіттің ісі не болды? Мамандандырылған әкімшілік сот төрағасы айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, қала тұрғынының бір ай бұрын көпір үстіне шығып түсірген видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Желі қолданушылары «бұзақыны» сөккенімен де, полицейлер оны жазасыз қалдырды. Неге?
– Бұл жерде ешқандай бұзақылық әрекет жоқ. Ешкім жарақаттанып, зардап шекпеді. Ештеңе бүлінбеген. Сондай-ақ оған шағым түсірген де адам болмады. Оған қатысты іс тоқтатылды, – деді мамандандырылған әкімшілік сот төрағасы Сайран Ибраев.