Глубокое ауданында «Голографиялық пирамида» бой көтерді
Жобаны облыс әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданына жасаған жұмыс сапары барысында ұсынды.
Аудан оқушылары оқушылар шығармашылық сарайында IT-көрмесін ұйымдастырып, жобаларын таныстырды. Өңір басшысы оқушылардың еңбегін жоғары бағалап, үздіктерін іске асыруды ұсынды. Мысалы, 8 сынып оқушысы Камилла Сафинаның "голографиялық пирамида" жобасы енді аудан орталығында төрт метрлік биіктікте пайда болады. Оны орнату арқылы барлық қасиеттері бар үш өлшемді нысанның нақты көшірмесін алуға болады. Бұл жобаның негізгі артықшылығы-360 градусқа дейін шолу жасайды.
– Мұндай жобаны үлкен ауқымда жасап, салынып жатқан мәдениет үйінің алдына қою керек. Балалар Start-up жобасын жасасын, ал біз бұл үшін қажет қаржыны бөлеміз, - деді Даниал Ахметов.