Шекарадағы ауданды дамыту. Даниал Ахметов ақжарлықтармен кездесіп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/81c/81c54e8ac00cd580303f9e16e36f1d37.jpg)
Бүгін жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданына келген облыс әкімі Даниал Ахметов шекаралық ауданды дамыту жайын жұртшылықпен бірге талқылап жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Шекарада жатқан бес ауданды дамытуға алдағы бес жылда 207 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде Тарбағатай ауданына 34,5 млрд.теңге бюджет қаржысы және жеке инвестициялар тартылады,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ облыстағы барлық басқармалар басшылары өз салалары бойынша ауданда қолға алынған шаруаларды халыққа баяндауда. Халық өз тарапынан шекаралық ауданды қайта құру, ауданға газ тарту, коронавируске байланысты ауданда жол салып жатқан "Синь-Синь" қытай компаниясының N7- ші учаскесіне қытай азаматтарын кіргізбеу, шекара торын жылжыту, аңыздағы Толағай тауының тасын жол салушыларға бұздырмау, мал дәрігерлерінің жалақысын тұрақтандыру, Ақжарды дамыту мәселелерін көтеріп жатыр.
Жиын барысында тұрғындар аудандағы денсаулық сақтау саласының қызметіне көңілдері еш толмайтындығын жеткізіп, осыған назар аударуды сұрады. Кездесу жалғасып жатыр.