KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

231 млрд теңге – 5 жылда Қытаймен шекаралас аудандарды дамытуға бөлінетін қаржы

6.12.2021, 17:55 4 669

ШҚО-да Қытай Халық Республикасымен шекаралас 5 ауданды дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
5 жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 231,5 млрд. теңге инвестиция салынатынын айтты. Оның  43,6 млрд. теңгесі биылғы жылға жоспарланған. 

- Сонымен қатар, 52,7 млрд. теңге болатын, бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасын іске асыруға кірістік. Биылғы жылдың өзінде бұған 14,4 млрд. теңге бөлінді, - деп мәлімдеді Даниал Ахметов.

Айтып өтейік, бұл екі бағдарлама да ең алдымен тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуге, жол мен инфрақұрылым сапасын жақсартуға,  демалыс орындары мен спорт кешендерін салуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу