Өскеменде зейнеткер өртте қаза болды
Өскеменде өрт кезінде 90 жастағы қария қаза болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қайғылы оқиға Аврора көшесіндегі жер үйлердің бірінде болған.
Өртті сол маңда жүрген полиция қызметкерлері байқап қалады. Олар жанып жатқан үйден ер адамды алып шығады. Алайда кеш болған.
Өрттің жалпы аумағы 3 шаршы метрді құрайды. Оған пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау себеп болды деген болжам бар.
Оқи отырыңыз