Өскеменде әділет лейтенанттары 92 жастағы зейнеткерді өрттен құтқарды
Өрт 24 маусым күні сағат 14.28-де Леваневский көшесіндегі жер үйлердің бірінде болды. Сол маңнан өтіп бар жатқан ОВ 156/3 мекемесінің қызметкерлері өртті байқап қалып, жанып жатқан үйден зейнеткерді алып шыққан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әділет лейтенанттары Рүстем Болатов пен Айбек Әбділдәбеков өртті көрген бетте, сол жаққа қарай жүгірген. Үйдің іші көк түтін болса да кіріп кетіп, 92 жастағы зейнеткерді тысқа алып шықты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан жеткенде, үйдің ағаштан тұрғызылған верандасы мен оған жапсыра салынған қора-жайы отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы 28 шаршы метрді құрап отыр.
- Анықталғандай, өрт зейнеткердің ұлының отты абайсыз пайдалануынан тұтанған екен. Зейнеткер де, ұлы да аман-есен, - деп мәлімдейді Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі.