KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстанда медициналық маскаларды ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

21.02.2020, 06:50 244

Елімізде жеке медициналық маскаларды ел аумағынан шығаруға ресми түрде тыйым салды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлім етті.

Маскадан бөлек басқа да медициналық қорғану құралдарын да ел аумағынан шығаруға тыйым салынған: – респираторлар, қорғану көзілдіріктері, I-II типті немесе бір реттік қорғану костюмдері (обаға қарсы), респираторлық маскалар, халаттар мен қолғаптар.

Бұл шара коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің (2019-nСоv) таралуына байланысты, қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау үшін және инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қолға алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу