Өскемендіктер Дидахмет Әшімханұлын еске алды
ШҚО балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімханұлын еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен дарынды жастары қатысқан шараға жазушының ұлы, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті Дәулет Әшімхан келіп арнайы қатысты. Сонымен қатар, ШҚО Жазушылар Одағы бөлімінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев, ақын Қалқаман Сарин, драматург Әскерхан Ақтай және өңіріміздің танымал журналистері қонақ болды.
Еске алу кешіне шақырылған қонақтар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы құнды мәліметтерді ортаға салды.
Дәулет Дидахметұлы әкесі жайлы әдемі естеліктерін айта отырып, оқырман қауымның қойған сұрақтарына тұщымды жауап берді.
Шараның соңында Дәулет Дидахметұлы сұрақ қойған барлық көрерменге жазушының «Кеш» атты кітабын өз қолымен табыстады.
Әділ Әуезхан