KZ
Өскемен
-17°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Семейде алаңдар реконструкциядан өтеді

17.02.2020, 09:32 161

Семей қаласындағы алаңдар реконструкциядан өтетін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өткен жылы қаладағы ең үлкен Орталық алаң реконструкцияланған еді. Осы жылы басқа да алаңдар реттеліп, абаттандырылмақ.

Орталық алаңнан бөлек қалада барлығы алты шағын алаң бар екен. Олардың жағдайы мәз емес. Көбінің плиталары үгітіліп, мүсіндері және басқа да сәндік безендірулері қирап жатыр деседі қала тұрғындары.

Қазір Мұхтар Әуезов алаңында реконструкция жұмыстары басталып кетті. Мұнда ескі қырлы кеспе тас пен декоративті элементтер алынып тасталып, жаңадан қойылады. Одан бөлек алаңның аумағы абаттандырылып, субұрқақ орнатылады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу