KZ
Өскемен
-39°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Қытайда вирус жұқтырғандар арасында қазақстандықтар жоқ – ІІМ

11.02.2020, 05:51 343

Қытайдағы қазақстандықтар арасында коронавирустың жаңа түрі – пневмониямен ауырғандар жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.

– Барлық шешімді Қытай тарапымен келісе отырып атқарамыз. Қытайдағы елшіліктің 11 ақпандағы мәліметі бойынша, коронавирустың жаңа түрі – пневмониямен ауырғандар тіркелген жоқ, – деді Мұхтар Тілеуберді.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 1011-ге жетті. Одан бөлек Филиппинде 1, Гонконгте 1 адам қаза болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу