Қытайда еліміздің қанша азаматы қалғаны белгілі болды
Қытайда еліміздің 352 азаматы бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Сырты істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.
Министр сөзінше, 5 ақпан күні Ухань қаласындағы еліміздің 5 азаматы Өзбекстанның, 3 азаматы Ресейдің әуе кемесімен эвакуацияланды. 11 ақпан күні, Қытай тарапымен келісім нәтижесінде, Нұр-Сұлтанға 218 азамат келтірілген. 12 ақпан күні тағы 145 адам алынады деп жоспарлануда.
– 10-12 ақпан арлығындағы эвакуациялау жұмысынан кейін, Қытайда 352 қазақстандық қалады. Оның ішіндегі шет елдегі мекемелеріміздің қызметкерлері мен отбасы мүшелері бар, – деді Мұхтар Тілеуберді.
Оқи отырыңыз