KZ
Өскемен
-40°
туман жел 2 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Көпбалалы отбасы өрт "датчигінің" арқасында аман қалды - ШҚО

9.02.2020, 06:01 1 609

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Бородулиха ауданында болған. Датчик таңғы сағат 5 шамасында үйге улы газ жайылғанынан белгі берген. Датчик дабысынан әуелі оянған отағасы есік-терезені ашып, бала-шағасын сыртқа алып шыққан.

Бұдан кейін отбасы мүшелері дәрігер қарауынан өткен. Мамандар кішкене балаларға иіс тигенін айтқан.

Құтқарушылар тұрғындарға үйдің жылыту жүйесіне абай болуды ескертеді. ШҚО-да көпбалалы шаңырақтарға датчиктер орнатылғалы бері Абай, Бесқарағай, Ұлан аудандарында осындай бес жағдай тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу