Шетелдік нөмірі бар көліктер сары белгімен жүреді
Қазақстанда шетелдік нөмірлі автокөліктер сары түсті белгімен жүретін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тіркелгеннен кейін ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерге арналған нөмірлік белгілердің алғашқы үлгісін көрсетті. Мұндай автокөліктер 2020 жылдың ақпан айына дейін тіркелу керек. Ол үшін автоқұжаттармен арнайы ХҚК орталығына (спецЦОН) жүгінеді.
Көлік тіркелгеннен кейін оған сары түспен ерекшеленген нөмір беріледі екен. Қазақстанның аймақтың нөмірінің орнына шетелдік көліктерде «18» саны көрсетіледі. Ал техпаспорт бір жылға ғана жарамды болмақ.
Шетелдік көліктерге арналған мұндай «уақытша тіркеу» мемлекет басшысының тапсырмасымен жүргізіліп отыр. Бұл акция елімізде бір рет қана өткізіледі.