KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

"Биыл 11 адам". Өскемен полицейлері теміржолды заңсыз кесіп өтпеуге шақырды

7.02.2020, 08:20 82

 

Полиция басқармасы желілік бөлімі мамандарының мәліметінше, Өскеменде былтыр мыңнан астам адам пойызжолдың рұқсат етілмеген тұсынан өткені үшін ескерту алған. Олардың 147-сі айыппұл төлеген. Бір адамға салынған айыппұл мөлшері – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (7 575 теңге).

– Теміржол маңы – аса қауіпті аумақ болып саналады. Өскеменде, көбіне «УКА вокзал» бекеті маңында ереже бұзылады. Ол тұстан Шмелев ауылының тұрғындары көп өтеді, – дейді «Жаңа Өскемен» бекеті желілік полиция бөлімінің бастығы Алмас Мекетаев.

Тәртіп сақшылары заңбұзушылықтың алдын алуға қатысты арнайы акциялар ұйымдастырып, түсіндіру жұмысын жиі жүргізіп тұратынын айтады. Биыл, мәлімет бойынша, жыл басынан бері 11 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 162 адам ескерту алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу