Өскемен әуежайы түнде ғана жұмыс істейтін болады
Өскемен әуежайы тек түнде ғана жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2021 жылы Өскемен әуежайының рейстері түгел кешкі және түнгі уақытқа ауыстырылады. Себебі әуежайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұшып-қону жолағын 2 800 метрге дейін ұзарту жоспарда бар. Сондай-ақ уақытша сақтау қоймасы, жүк терминалы, жылу трассасы жаңартылады. Осыдан кейін әуежай халықаралық болмақ.
Облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары осы жылдың жазында басталып кетеді. Жөндеудің жалпы құны – 10 миллиард теңге.
Оқи отырыңыз