KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ақша айырбастау пунктері клиенттің аты-жөнін жазып алатын болды

15.01.2020, 04:35 147

Енді ақша айырбастау пунктері клиенттің аты-жөнін жазып алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Ұлттық банк пунктердің жұмыс режимі өзгергенін мәлімдеді. Жаңа ереже бойынша 1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пункттері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың айтуынша, жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пункттері мен клиенттердің қауіпсіздігін күшейтеді.

Сонымен әуежайларда, теміржол вокзалдарында және шекаралық автокөлік бекеттерінде ақша айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты шектелмейді, тәулік бойына жалғасады. Ал бірінші дәрежелі ірі сауда орталықтарындағы жұмыс кестесі: 9.00-ден 22.00-ге дейін.

Сондай-ақ енді ақша айырбастау пунктері клиенттің аты-жөнін жазып алады. 500 теңгеге дейін ақша айырбастаған азаматтардың аты-жөні мен ЖСН-і тіркеледі. Ал айырбасталатын ақша сомасы 500 мыңнан көп болса, клиенттің ЖСН-і, жеке куәлігінің номері (құжаттың түрі, берілген мерзімі, номері) және заңды мекенжайы жазылып алынады.

– Бұл көптеген елдерде қолданылып келе жатқан халықаралық тәжірибе, – дейд Жомарт Қажмұратов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу