Қазақстанда пара туралы хабарлағандарға 11 миллион теңге сыйақы беріледі
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға 11 миллион теңге мөлшерінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы zakon.kz жазды. Дереккөздің ақпараты бойынша, сыйақы берудің жаңа жүйесі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеген.
- Президент тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы берудің жаңа жүйесі мақұлдады. Енді азаматтар сот үкімі шыққаннан кейін пара немесе келтірілген шығын сомасының 10%-ын ала алады. Ең жоғары сыйақы 10 млн 600 мың теңге болады, – деді Алик Шпекбаев.