KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Өскеменде жастарға арналған кеңес орталығы ашылды

30.01.2020, 12:23 131

Жастарға арналған "Kenes Ortalygy" өз қызметін 1 ақпанда бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орталықтың кеңсесі Виноградов көшесіндегі "Дос-Нар" базарында орналасатын болды.

Аталмыш кеңес орталығы мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары бойынша тегін ақпарат береді.

- Біз қала тұрғындары мен жастардың мемлекеттік бағдарламалар туралы көбірек білуіне, хабардар болуына және оларды толғандырған сұрақтарға тікелей жауап алуына жол ашатын боламыз! - деп жазады орталықтың өкілдері әлеуметтік желіде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу