«ANTIKOR ORTALYGY» бизнес пен инвестицияларды қорғайды
Өскеменде «ANTIKOR ORTALYGY» атты жаңа сервистік орталық ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш орталық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылды.
Бұл жерде тұрғындарға жемқорлықпен күрес мәселесі төңірігенде кеңес беріледі. Кез-келген азамат орталыққа келіп, департамент басшысының қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ «ANTIKOR ORTALYGY»-ында «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» фронт-офисі тұрғындардың өтінішін қабылдайды.
Орталықтың ашылу салтанатына агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев арнайы келіп қатысты.
– Орталықтың ерекше талғаммен құрылғаны көрініп тұр. Қызметкерлердің өндірте жұмыс істеуіне, тұрғындардың қиындықсыз кеңес алуына зор мүмкіндік жасалған. Тек, іске сәт! – деп пікір білдірді А.Шпекбаев.