Өскеменде май зауытындағы ірі өрт ауыздықталды
Бүгін сағат 11.30-да Степная көшесіндегі май зауытының аумағында ірі өрт шыққан еді. Күнбағыс дәндерін тазалайтын цех пен шикізат қоймалары өртенген, деп хабарлайды Altaynews тілішсі.
Өскемен қалалық Төтенше жағдай басқармасының ақпараты бойынша, екі сағат бойы сөндірілген өрт ауыздықталды. Жалпы аумағы 670 шаршы метрді құрайды.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 70 адам және 20 техника жұмылдырылды. Қазір өрт орнында оны толықтай ауыздықтауға бағытталған жұмыстар әлі де жалғасуда. Өрттің шығу себебі алдағы уақытта зерттеледі.