KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Өскеменде ірі өрт шықты (фото, видео)

30.01.2020, 07:06 349

Бүгін Өскемендегі Степная көшесінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«30 қаңтарда сағат 11:10 кезінле Степная көшесіндегі май зауыытының территиориясында өрт шықты. Оқиға орнында 12 техника мен 50-ден астам өрт сөндіруші жұмыс істеуде. Өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрайды,» - деп жазды баспасөз қызметі.

Анықталғандай, қоймалардың шатыры өртенген екен.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, қазір өрттің аумағы 500 шаршы метрге жеткен. Өрт сөндіру жұмыстарына 60 адам мен 19 техника жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу