Бесқарағайда өртті қармен сөндіруге тура келді (видео)
Бесқарағай ауданына қарасты Қарабас ауылында жолдарды қалың жауған қар өрт сөндіру көлігіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
29 қаңтарда Қарабас ауылында жер үйден өрті шыққан. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі бұл елді мекеннен 35 шақырым жерде орналасқан.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйге көлікпен жете алмай, екі шақырым жерді қар кешіп, жаяу жүріп өткен. Баспана толықтай жалынға оранған екен. Өртт қармен сөндіруге тура келіпті.
Өрт сөндіру көлігі өртенген үйге жолда тазартқан соң екі сағаттан кейін ғана зорға жетеді. Бұл мақсатқа арнайы техниканы жергілікті кәсіпкер берген.
Өртте қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.