ШҚО-да тұтас бір отбасы өртеніп кете жаздады
Алтай ауданында бір үй түгел өртеніп кетті. Өртте ер адам қаза болды. Отбасындағы тағы төрт адамды көршілері құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдейді.
Өрт Путинцево ауылында болған. Көршілері жанып жатқан үйден 62 және 35 жастағы екі әйел адамды, 14 жастағы жасөспірім қызды және 4 жасар баланы алып шыққан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіру барысында жанған үйден 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Оқи отырыңыз