KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Даниал Ахметов Ұландағы мектеп туралы: 1200-ге жуық бала оқып жатқаны дұрыс емес

30.01.2020, 04:24 194

Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың халық алдындағы есеп беру кездесуіне, аудан жұртшылығымен бірге облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысты.

Жиында тұрғындар тарапынан бірқатар проблема төңірегінде де сұрақтар қойылды. Әсіресе аудан орталығына тағы бір мектеп, емхана мен қоғамдық әжетхана қажет деген пікірлер көп айтылды. Оның кейбіріне аудан әкімі жауап берсе, күрделілері облыс әкімінің қатаң қадағалауына алынды.

– Ауданнның әлеуметтік-экономикалық дамуы жаман емес. Алайда, түйіткілді мәселелер де бар екен. Бүгін сіздермен кездеспес бұрын Қасым Қайсенов кентінің іргесіндегі бірнеше жыл бойы қаңырап бос тұрған үш қабатты ғимараттың жағдайымен таныстым. Бәлкім, қазір теміржол саласына қарайтын осы ғимаратты аудан балансына беріп, емханаға айналдырармыз. Ал мектеп мәселесіне келер болсақ, әрине бір білім ордасында 1 200-ге жуық бала оқып жатқаны дұрыс емес. Сондықтан арнайы комиссия құрып, аталған проблеманы мұқият зерделейтін боламыз. Ең дұрысы, жаңа мектеп салмай, бар мектепті үлкейту. Білім ордасына қосымша екі қабат салсақ та ұтамыз деп ойлаймын, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Кездесу барысында Қасым Қайсенов кентінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 140 орындық балалар музыка мектебінің және жастар саябағы салынатыны белгілі болды. Құрылыс жұмыстары биыл басталуы тиіс екен. Айта кетейік, қазір Ұлан ауданының орталығы үлкен құрылыс алаңына айналған. Кентте екі 40 пәтерлі және бір 80 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл жерде тағы бір көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив