KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда ең төменгі еңбекақы мөлшерін көтеруді ұсынды

29.01.2020, 09:38 194

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Қазқстанда ең төменгі айлық мөлшерін көтеруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір біздің елде ең төменгі еңбекақының мөлшері 42 500 теңгені құрайды. Бұл  Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің ішінінде ең төменгі көрсеткіш.

- Біздегі ең төменгі еңбекақы мөлшері Армения, Беларусь, Ресейден төмен. Біз Қырғызстаннан ғана жоғары тұрмыз. Сол себепті біздің тарапымыздан оны 40 пайызға дейін көтеру туралы ұсыны айтылды. 202 жылға дейін ең төменгі жалақы мөлшерін 30 пайызға көтеруге тиіспіз. Бұл шамамен 72 мың теңге. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу