2020 жылы ең төменгі жалақының көлемі қандай болады?
Қазақстанда келер жылы ең төменгі жалақының көлемі 42 500 теңгені құрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері біраз өзгермек. Ол 16 839 теңгені құрайтын болады, яғни, қазіргі көрсеткіштен 802 теңгеге көп.
Ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 636 теңгеге дейін өседі, қазір ол 36 108 теңгені құрайды.
Айлық есептік көрсеткіш 126 теңгеге артып, 2651 теңге болады.
Оқи отырыңыз