KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Келер жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

30.10.2019, 18:15 201

Ең төменгі зейнетақы мөлшеріне қатысты өзгерістер "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2020 жылдың қаңтарынан бастап жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері өзгереді. Сондай-ақ, ең төменгі күн көріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш шамасы да өседі.

Аталмыш өзгерістер "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына енгізіліп отыр.

- "2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері – 42,5 мың, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері –  16 839 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 38 636 теңге, айлық есептік көрсеткіш –  2651 теңге, ең төменгі күн көріс деңгейі – 31 183 теңге болып белгіленсін", –  деп көрсетілген құжатта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу