KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да малшы боранда адасып кетті

27.01.2020, 10:02 247

ШҚО-да малшы боран кезінде қысқтаққа жол таба алмай, адасып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ер адам Семей-Курчатов тас жолымен көлікпен келген екен. Қыстаққа дейін жаяу 5 шақырым жер жаяу жүру керек болған. Қар қалың жауып қалғанда жаяу шыққан адам екі сағат уақытта жетіп қоятын. Алайда бұл уақыт арасында ол қыстаққа келмегендіктен, туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Құтқарушылар тобы түнгі кезінде екі көлікпен малшыны іздеуге шықты. Ол тас жолдан шамамен 3 шақырым жерден  табылды. Қатты тоңып  қалған екен. Құтқарушылар оны Семейге дейін жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу