Өскеменде үй өртеніп кетті
Өскеменде үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі айтты.
Өрт 23 қаңтар, түнгі сағат 23:19 шамасында Ползунов көшесінің бойындағы жер үйлердің бірінде шыққан. Өрт сөндірушілерді сол жердегі куәгерлер шақырған. Жалынның жалпы ауданы 72 шаршы метр. Құтқарушылар тобы үйден бір газ балон сыртқа алып шығыпты. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз