KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Дәрігерлер мен мейірбикелердің еңбекақысы 1 қаңтардан бастап өседі

22.10.2019, 11:22 272

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлер мен мейірбикелердің еңбекақысы өсетін болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Сенатта өткен Үкімет сағатының барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының әлеуметтік көмек бойынша іс-шараларының жүзеге асырылуына байланысты медицина қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан бастап 30 пайызға көтерілген.

-«Жаңа бағдарламаның аясында 2025 жылға дейін медициналық қызмет көрсету тарифтерін көтерумен қатар медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 1-2,5 есеге өсіру жоспарланып отыр», - дейді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің айлығын 30%-ға, мейірбикелердің айлығын - 20%-ға көтеру бойынша шығындарға да қолдау көрсетілген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу