ШҚО-да медициналық тексеру талаптарын орындамаған жұмыс берушілерге айыппұл салынды
Ұйым бойынша міндетті медициналық тексеру талаптарын орындамағандықтан жұмыс берушілерге жалпы 366125 тенге сомасында 3 айыппұл салынды, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 1 б. 93 бабына сәйкес 1 ескерту шығарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ҚР ДСМ ТКҚСҚБК ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.
2019 жыл қорытындысы бойынша, ШҚО-да барлығы 68301, соның ішінде 17338 әйел адам кезеңдік медициналық тексеруден өтуі тиіс болған. 65355 жұмысшы немесе 95,7% тексеруден өтті, соның ішінде 16615-сі - әйел адам.
Кезеңдік медициналық тексерулер кезінде келесілер анықталды:
- Соматикалық аурулармен 9532 немесе 14,6 %, соның ішінде 3334 әйел адам немесе 20,1%;
- Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеуге кәсіби жарамдылар саны – 64520 немесе 98,7%, соның ішінде 14366 әйел адам немесе 86,46%;
- Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеуге уақытша кәсіби жарамсыздар саны – 484 немесе – 0,74 %, соның ішінде 78 әйел адам немесе 0,47 %;
- Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеуге тұрақты кәсіби жарамсыздар саны – 351 немесе – 0,54%, соның ішінде 17 әйел адам немесе 0,1%;
- Кәсіби аурушаңдыққа немесе интоксикацияға күдіктілер – 79 жұмысшы немесе 0,12 %, соның ішінде 3 әйел адам немесе 0,018 %;
- Амбулаторлы зерттелуді және емді қажет ететіндер саны – 9466 немесе 14,48, соның ішінде 3421 әйел адам немесе 20,59 %;
- Ауруханалық зерттелу мен емді қажет ететіндер саны – 258 немесе 0,44 %, соның ішінде 55 әйел адам немесе 0,33%;
- Санаторлық- курорттық емделуді қажет ететіндер саны – 1048 немесе 1,60%, соның ішінде 197 әйел адам немесе 1,19 %;
- Диспансерлік бақылауды қажет ететіндерді саны – 5144 немесе 7,87%, соның ішінде 1602 әйел адам немесе 9,64 %.