KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Семейде үйде той жасамақ болғандар ұсталды

16.07.2020, 03:24 165

Семейде үйінде той жасамақ болғандар ұсталып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей қаласындағы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген. Іс-шара барысында мониторингтік топ өкілдері жер үйде құдалық өткізбек болған отбасыны анықтады. Жиынға 15 адам жиналған екен. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап карантиндік режімді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғандар ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады: жеке тұлғалар үшін айыппұл 30 АЕК немесе 83 340 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 230 АЕК немесе 638 940 теңге, орта кәсіпкерлік – 310 АЕК немесе 861 180 теңге, ірілерге – 1600 АЕК немесе 444 800 теңге.

Мамандардың айтуынша, соңғы күндері Семей қаласында коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді. Алайда жасырын той-томалақ немесе өзге де мерекелік жиындар өткізу вирустың қайта өршуіне ықпал ететінін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу