KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

158 теңге. Қазақстанда бензин қымбаттады

22.01.2020, 04:13 1 714

Қазақстанда бензин қымбаттады, деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі.

Tengrinews-тің мәлімдеуінше, қазір «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станцияларында АИ-92 бензинінің бағасы 154 теңгеге жетті. Мұның алдында елордадағы жанармай құю станцияларында бұл бензин 152 теңге тұрған көрінеді.

Ал «Колеса»-ның деректері бойынша, Sinooil бекеттерінде АИ-92 150 теңгеден, Helios пен Royal Petrol-да 149 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ әлеуметтік желіге жүктелген суреттерден кейбір жерлерде АИ-92-нің құны 158 теңгеге дейін көтерілгенін байқауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин бензин акцизі 6 пайызға өсетінін айтқан еді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу