Бензин тағы қымбаттады
Қазақстанда бір айдың ішінде бензиннің бағасы екі рет өсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Еліміздегі ірі жанармай құю станциялары бір айдың ішінде бензиннің бағасы екі рет көтерді. Бұл акциздердің өсуіне қатысты болып отыр.
Қаңтар айының бас кезінде АИ-92 бензинінің бір литрі 145 теңгеден сатылған еді. Айдың ортасына қарай 148-150 теңгеге жетті. Қазір 149-153 теңгеден сатылып жатыр. Қаңтардың аяғында 155 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екен.
Қазіргі бағаларды салыстырсақ, ең төмен бағамен бензин «ҚазМұнайГаз» және Helios-та сатылады – 149 теңге. Sinooil мен «Газпром» - 152 теңге. Royal Petrol – 153 теңге.
Наиболее доступный АИ-92 сейчас на АЗС «КазМунайГаз» и Helios. Его отпускают по 149 тенге. По 152 тенге можно залиться на заправках Sinooil и «Газпром», а дороже всего бензин у Royal Petrol — 153 тенге за литр.
Дизельдің бағасы әзірге өзгеріссіз.