Әлемдегі бензині ең арзан 10 мемлекет. Қазақстан нешінші орында?
Қазақстан әлем бойынша бензин ең арзан сатылатын елдер қатарында 8 орында тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың пікірінше, елімізде жанар-жағармайдың орташа құны 1 литрге 170 теңге. Бұл біздің көрші мемелекеттер Түркіменстан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстанға қарағанда әлдеқайда арзан.
Рейтингке барлығы 167 ел кірген. Әлем елдері ішінде бензин ең арзан елдер тізімін Венесуэла, Иран және Ангола бастап тұр. Ол жерлерде бензин құны теңгемен санағанда 8,45 теңгеден 103,15 теңгеге дейін тұрады.
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап елімізде жанар-жағармай бағасы 2019 жылға қарағанда қымбаттай бастаған. Мысалы АИ-95/АИ-96 маркалы бензин литріне 171,3 теңгеге, яғни 0,8 пайызға қымбаттады. Ал АИ – 98 - 1,4 пайызға, 190,2 теңге және АИ-92 - 2,7 пайызға литріне 150,6 теңгеге дейін қымбаттаған.
Ал әлемдегі бензині ең қымбат ел Сирия болып шықты. 1 литр жанармай бағасы – 1100 теңге айналасында.
Әлем елдері бойынша бензин ең арзан 10 мемлекеттің тізімі төмендегідей:
1. Венесуэла – 8,4
2. Иран – 29,5
3. Ангола – 102,6
4. Алжир – 146,0
5. Кувейт – 146,1
6. Катар – 156,2
7. Судан – 159,5
8. Қазақстан – 170,2
9.Түркіменстан – 180,9
10. Нигерия – 182,5